Психологтардың айтуынша, сәбидің физикалық және психикалық дамуына әсер ететін ең маңызды фактор – ол ата-анасының сабырлығы. Жас отбасында сәби дүниеге келген соң ата-ана онымен бірге келген кей мәселелерді шеше алмаймыз деп қорқады. Қорқудың қажеті жоқ, мұндай көңіл күй жас ата-анаға, соның ішінде босанғаннан кейін ағзасы әлсіреген анаға тән.